Тақырыбы: Санитарлық микробиология негіздері. Қоршаған орта микрофлорасы.
Микроорганизмдер экологиясы (oikos - грек сөзінен аударғанда - үй, тіршілік ету орны) - микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді.
Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіптен космоста да табылады.
Микроорганизмдер - биоценоздың құрамды бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп - жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды.
Қоршаған ортада микробтардың таралуы.
Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады. Олар адам организмінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.
Топырақ микрофлорасы
Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін - өзі тазарту процесстеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т. б элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер ( саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1 грамында бактерия саны- 10 млрд. жасауға жетеді. Топырақ беткейінде УК- сәулелері, құрғақшылық т. б факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.
Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кезд
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>