Санды 5-ке көбейту және бөлу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Түсіндірме хат

Сабақтың тақырыбы: Санды 5-ке көбейту және бөлу.
Оқулық авторлары: Т. Қ. Оспанов, Ш. Х. Құрманалина, Ж. Т. Қайыңбаев, Б. М. Қосанов, К. Ә. Ерешева, М. В. Маркина
Қолданылған бағдарлама: "Ммтематика" оқулығы. Үшінші(базалық)деңгейлік курс бағдарламасының жеті модулі.
Тақырыптың бөлімі: Кіріспе,негізгі бөлім,қорытынды
Жылдық сағат саны:170 сағат
Апталық сағат саны: 5 сағат
Сабақ кезеңдері: Мотивациялық кезең,ұйымдастыру кезеңі, топқа бөлу,білу,түсіну, қолдану, талдау,сергіту сәті. жинақтау, бағалау, үйге тапсырма, оқыту үшін бағалау. Кері байланыс
Сабақта қолданылған әдістемелер: Математика оқыту әдістемелігі, интернет бетшесі(ustaz. кz сайты)
Пайдаланылған аппаратура: маркер,постер,оқулық мультемедиялық тақта,
Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері: Жеке, жұптық, топтық жұмыстар. "Маған көрсет!"әдісі, "Ойлан, бірік, талқыла!" әдісі, венн диаграммасы, топтастыру, дәптермен жұмыс. "Ой түрткі" әдісі, ертегі құрастыру,
" Серпілген сауал" әдісі.











Сыныбы:
ІІІ
Пәні:
Математика
Тақырыбы:
Санды 5-ке көбейту және бөлу.
Жалпы мақсаты:
Санды 5-ке көбейту және бөлу кестесі жайлы алған білімді бекіту.
Оқылған есептің түрлерін шығара білуге жаттықтыру.
Оқыту нәтижесі:
1. Оқушылар санды 5-ке көбейту және бөлу кестесі жайлы алған білімдерін бекіте түседі.
2. Оқылған есептің түрлерін шығара білуге жаттығады. Өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтайды.
3. Ауызбіршілікте, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренетін болады.
Негізгі идея
5-ке көбейту және бөлуді меңгерту
Оқыту әдісі
Жеке
Жұптық
Топтық
Көрнекілігі
АКТ,оқулық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: