3-сынып Математика пәні
Тақырыбы: Сандарды 5-ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: сандарды 5-ке көбейту және бөлу ді меңгерту, тақырыпты пысықтау, өткен сабақта алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: балалардың ой өрісін, логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін дамыту,көбейту кестесін қолдана біліуге баулу.
Тәрбиелік: балаларды топта жұмыс істеуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, үлкстірме кеспелер, ойынға қажетті ойыншықтар, стикер, фишкалар.
Әдісі: топтық жұмыс, ойын, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы
І . Ұйымдастыру кезеңі
1. Шаттық шеңберін құру, әр оқушы келесі оқушыға жақсы тілектер айтады.
2. Бағалауға қажетті стикерлер тарату, әр оқушы стикерге өз есімін жазып қояды.
3. Стикерлер түсі бойынша сынып 2 топқа бөлінеді. .
ІІ. Қызығушылықты ояту.
х
0
х
х
0
0
х
х
0
"Крестиктер-нөлдіктер" ойынын ойнату. Ойын шарты: 1-топ крестиктер, 2-топ нөлдіктер болады. Кезекпен сұраққа жауап бергенде берілген торкөздерге бірде х, бірде 0 қойылып отырады. Жауап жоқ болса торкөз бос қалады. Мысалы:
Дұрыс жауапқа 1 фишка беріледі.
1. Математикадағы амалдар саны. 7. 1 ғасыр неше жыл?
2. Көбейтудің компоненттерін ата. 8. 1км-де қанша метр бар?
3. Бөлудің компоненттерін ата. 9. Белгісіз санды немен белгілейміз?
4. Көбейтудің қасиеттерін ата 10. Фигураның периметрін қалай табамыз
5. Салмақ өлшем бірліктерін ата 11. 60мин -?
6. 1 тонна неше кг? 12. Көкжиектің неше тұсы бар?
ІІІ. Ой қозғау
-Балалар, 5 саны туралы не білеміз? ( 5 натурал сан. Сандарды 5-ке көбейтуге, 5-ке бөлуге болады.
Сонымен қатар 5 үздік білім бағасы. )
Адам бойында бол
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>