сала береді. Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны, әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады.
Мысалы: Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де жетті. Осы сөйлемде тоқсаннан, жүзге деген сан есімдер заттық ұғымды (тоқсан жастан және жүз жасқа) әрі оның мөлшерін, санын білдіріп тұр. Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып бөлінеді.
Дара сан есім дегеніміз - бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім.
Мысалы: он, бес, екі, сегізінші, т. б.
Күрделі сан есім дегеніміз - екі немесе одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім.
Мысалы: екі жүз, он екі, үш мың, үш-төрт, т. б.
ІҮ Түсінгенін тексеру.
1. Кестемен жұмыс. /ережені хормен қайталау/.
1. Есептік 2. Жинақтық 3. Бөлшектік
4. Реттік 5. Топтау 6. Болжалдық
2. Кітаппен жұмыс
56-жаттығу. Мәтін мазмұнынан сан есімдерді теріп жазу.
59-жаттығу. Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазу.
3. Деңгейлік тапсырма.
І деңгей
Дара, күрделі сан есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін жазыңдар. 4,7,12,21.
ІІ деңгей
Дара, күрделі сан есімдерді қатыстырып, екі сөйлем жазыңдар.
ІІІ деңгей
Дара, күрделі сан есімдерді қатыстырып, шағын мәтін құрастыру.
Ү Бекіту
1. Сөз құрамынан сан есімдерді тауып, цифрмен жаз.
Түбір, Күшік, Тоғызқұмалақ,
Кекіл, Балтыр, Төртпақ,
Сегізкөз, Дербес, Жетік.
2. Біз бесінші сыныпта мақал-мәтелдерді өткенбіз, қане, ойымызға түсірейік, сан есімдер қандай мақал-мәтелдерде бар екен.
3. Тапсырма; мына мақал-мәтелдердегі сан есімдерді тауып жаз.
Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
ҮІ Қорытынды
Балалар, ең бірінші қандай сөз табымен таныстық?
Зат есім.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>