өйлемдерді дұрыс құрастырып,сан есімнің астын сызыңдар.
1. Жүгері, екі сантиметрден, күн сайын, отырады,ұзарып.
2. Кіріседі, жеті-сегіз, аптадан, шапшаң, кейін, өсуге.
3. Наурыз, бір мың тоғыз жүз қырық үшінші, жылдың, айы.
4. Ақсақалдың, қасында, екі, болған, Сәбит Мұқанов, болды, аудармашы.
5. Бірінші, ғарышкері, елінің , қазақ, Тоқтар Әубәкіров, білеміз, екенін.
6. Жылқысы, жиырма-отыздай, қойы, екі-үш, жүз, сауын сиыры, жиырмаға тарта, бар.
Жауап үлгісі
Б) 1. Жүгері күн сайын екі сантиметрден ұзарып отырады.
2. Жеті-сегіз аптадан кейін шапшаң өсуге кіріседі. (Ә. Нурш. )
3. Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылдың наурыз айы.
4. Екі ақсақалдың қасында болған Сәбит Мұқанов аудармашы болды.
5. Қазақ елінің бірінші ғарышкері Тоқтар Әубәкіров екенін білеміз.
6. Жиырма-отыздай жылқысы, екі-үш жүз қойы, жиырмаға тарта сауын сиыры бар. (С. М. )
Мына есептік сан есімдерді цифрмен жазып, реттік сан есімге айналдырыңыз.
Мың, Жүз. Сексен. Бес. Сегіз. Төрт. Он бір. Жетпіс алты. Екі жүз алпыс. Үш мың елу тоғыз.
Сабақты қортындылау қластер арқылы
САН ЕСІМ
Сабақты бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру: киелі сандарды тауып, сөйлем құрастырып жазу.
Страницы: << < 2 | 3 | 4