Алтынсарин негізгі мектебі
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: "Сан есім"
(Дара және күрделі сан есім)
Орындаған: Сарыестекова А. Т.
2014жыл
Күні: 27. 02. 2014
сынып: 4
пән: қазақ тіл
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:Білімділік. Сан есім туралы түсініктерін кеңейту. Сан
есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білуге,сан
есімдерге дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларың теориялық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ынтымақтастыққа, сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Қолданатың әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру, ажырату.
Түрі: Қайталау, кіріктірілген.
Көрнекіліктер:суреттер,тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымастыру кезеңі:
-Балалар, бүгін сабаққа қонақтар келіп отыр. Олар-ұстаздар. Қонақтарға сәлем беріп, білімімізді көрсетейік. Сәлеметсіз бе! -Hello!-Здравствуйте!
Қазақ тілі-өз тілім,ана тілім.
Абай,Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені.
Болашағым,бақытым,дана тілім.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме:
-Балалар,мен сендерге "Сыйластық туралы" деп аталатын бір хикая айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
Баяғы өткен заманда бір отбасынан шыққан ағайынды-бауырлар араздасып қалыпты. Олардың араздасқаны соншалық, үлкені кішісін тыңдамай, сыйлаудан қалады. Қарт әкесіне бұл жағдай қатты әсер етеді. Әбден мезі болған қария балаларының араздылығын басуға ешқандай шара таппай, ұлдарын жиып, бір бидің алдына апарады. Би дауды тыңдап алып, былай дейді:
- Балаларым, дауларыныңның жарысы ауыр ек
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>