Сан есім

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

еден? деген сұраққа жауап берстін сан есімді топтау сан есімі дейді. Топтау сан есімі дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдер мен екінші сыңарына шығыс септігінің жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, елу-ден, алпыс-тан, бес-бестен, он-оннан т. б.
Заттың санын дәл атамай шамамен, болжалмен көрсетіл, қанша? неше? қаншадан, қай шамалы? деген сұрақтарға жауап беретін сан есімнің түрін болжалды сан есім дейді. Болжалды сан есім септік сан есімдерге -лаған, -леген, -даған, -деген, таған-теген, лап - леп, -дап, -деп, -тап, -теп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы: мың-даған, жүз-деген, мың-деп, жүз-деп, мың-дай, жүз-дей; есептік сан есімдерге көптік және жатыс септігінің жалғауы жалғану арқылы: жиырма-лар-да, жүз-дер-де, елу-лер-де жасалады. Болжалды сан есімдер есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы да: отыз-қырық, бес-алты, отыз-қырықтарда және есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, жуық, таман, тарта деген сөздердін тіркесуі арқылы да жасалады: жүзеге тарта, елу шақты, мың қаралы, отызға тарта т. б.
Бүтін санның білгілі бөлшектерін есепке алып қанша? неше? деген сұраққа жауап беретін сан есімнің бір түрі бөлшектік сан есім аталады. Бөлшектік сан есім есептік сал есімдерге жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесуінен: бес жарым, екі жарты, төрт ширек және жай бөлшек түрінде: онның екісі немесе оннан екі 10,2 жүздің бесі немесе жүзден бес 100,5 т. б. жасалады.

САН ЕСІМНІҢ ЕМЛЕСІ

1. Кұрделі тіркескен сан есімдер сөзбен жазылғанда әр сыңары бөлек-бөлек жазылады. Мысалы, екі мың төртінші жыл, жиырма бес, отыз тоғыз, алпыс үш т. б.
2. Күрделі қосарланған сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен (санмен) жазылса да (-) дефис арқылы жазылады: еш-екіден, отыз-қырық, алпыс-жетпістей, 2-2-ден, 30-40-тан, 60-70-тей.
3. Ц

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: