Сан есім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

САН ЕCІМ
Заттың санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сездердің қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін тобын сан есім дейді. Мысалы, бір, екі, жиырма бес, қырық, бір мың тоғыз жүз тоқсан, біреу, жетеу, бірінші, бес-алты, жиырма шақты т. б.
Сан есім тұлғасына қарай дара және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір сөзден тұрады. Олар: бес, он, елу, бесінші, екеу, жүз, мың, миллион т. б. Күрделі сан есімдер екі не одан да көп сан есімдерден құралады. Олар: он бес, тоқсан тоғыз, жүз бес, қырық-елу, екі мың төртінші, отыз қаралы, үштен бірі т. б.
Сан есімнің өзге соз таптарынан ерекшелігі: ол басқа сөз таптарынан жасалмайды.

САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Мағыналық ерекшелігіне қарай сан есім алты топқа бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік сан есімдер.
Заттың дәл, нақты санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап беретін сандық ұғымдағы сөздерді есептік сан есім дейді. Мысалы, бір, екі, үш, он, мың, отаз үш, тоғыз жүз тоқсан т. б. Сан есімнің басқа түрлері есептік сан есімдерден жасалады.
Заттың рет санын білдіріп, нешінші? деген сұрауға жауап беретін сан есімнің түрі реттік сан есім деп аталады. Ол есептік сын есімге -ыншы,
-інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Отыз бес-інші, қырқ-ыншы, бір-інші, жет-інші т. б.
Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап беретін сан есімді сан есім дейді. Жинақтық сан есім есептік сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жетіге дейінгі сандарды қамтиды. Мысалы, бір-еу, екеу, үш-еу, төрт-еу, бес-еу, алт-ау, жет-еу. Екі, алты, жеті сан есіміндегі соңғы -ы,-і дыбыстары дауысты дыбыстан басталған қосымшаның әсерінен түсіп қалған.
Заттың санын топтап көрсететін, қаншадан? неш

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: