рінің бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей әсер ететін салықтың бір түрі. Осы табыс салығын төлеуші болып салық жылы ішінде салық салынатын табысы бар ҚР-ның азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әрбір салық төлеушілер табыс салығын өздері тұрған жері бойынша төлеуді жүзеге асырады.
Салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады. ҚР-дағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.
Әлеуметтік салық еліміздің салық жүйесіне 1999 жылдан бастап енгізілген тікелей салық. ҚР-ның резиденттері, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстанда қызмет жасайтын резидент еместер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылады.
Әлеуметтік салық ай сайын есептеледі және есепті айдан кейінгі айдың 1-нен кешіктірмей бюджетке төленуі керек. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-сінен кешіктірмей салық органына тапсырылуы керек.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы. Жер қойнауын пайдаланушы деп ҚР аумағындағ геологиялқ зерттеуді пайдалы қазбалар өндіруді, техногендік құрылымдарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын және ҚР заңнамаларында бекітілген тәртіппен шарт жасаған тұлғаларды айтады. Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін салық режимі тек қана ҚР-ның Үкіметі белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалынатын келісім-шартта айқындалады.
Қорытындылай келе, қазірде, Республикада жаңа салық заңын дайындау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл ҚР Президентінің заң күші бар "Салық және бюджетке бақа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығымен аяқталады. Осы заңның ережелері 2001 жылдың
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>