етіне жасалатын ойын - сауық, той.
2) Кіндік кесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс.
3) Бесікке салу (салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиеті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4) Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5) Тұсау кесер (салт). Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүрып кетсін деп жасалатын ғұрып.
Ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақ халқынынң қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:
1) Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2) Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбиге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
3) Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны "кекіл" дейді.
Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрін атап өтсек.
1) Тыштырма (дәстүр). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп "тыштыма, тыштыма" деп ырым жасайды және оны "тыштырма" деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала - шағаларына үлестіріп береді.
2) Базарлық (дә
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>