Салт – дәстүр – асыл қазынам

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Салт - дәстүр - асыл қазынам.
Мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт - дәстүрлерінің адамгершілік қасиеттерін бойларына сыйдырып, білім мен білік дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік: Ата - аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.
Сабақтың барысы:
1 жүргізуші:
Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 жүргізуші:
Қазамның салт - дәстүрі жаңғырған.
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Өнерлі халық - өміршең халық, қазақтың әдет - ғұрпына, салт - дәстүрлеріне бағытталған "Салт - дәстүр - асыл қазына" атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Ән: "Қазақтың салт - дәстүрі".
1 жүргізуші: тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. Салт - дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
Тәрбие дәстүрі
Салт - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
1) Шілдехана (салт). Жаңа туған нәрестенің құрм

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: