23/04/2016 салауаттану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып,
зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Міндеттері:
- жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
- өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың
алдын алуды үйрету.
- тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Әдісі: шаттық шеңбері, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, дәйексөз, шығармашылық
жұмыс, тапсырма
Оқушылар ортаға шығып денсаулық туралы мақал мәтелдер айтады:
- Дені саудың - жаны сау
- Денсаулық - зор байлық
- Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
- Ауру аздырады,
Суық тоңдырады.
- Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
- Ауру батпаңдап кіріп,
Мысқылдап шығады.
- Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
- Ұйқы - тынықтырады,
Жұмыс шынықтырады.
Барлығы:
Байлық - байлық емес,
Бар байлығым-денсаулық
Бар өмірім - денсаулық!
Ойланайық, пікірлесейік
1. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2. Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз?
3. Адамдар неге зиянды әдеттерге әуес?
Мұғалім:
Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
Адам баласы үшін ең кымбаты - оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай "нашақорлық", "ішімдік", "темекі" торына
бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьп жатыр.
Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>