Салауатты өмірсалты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

r/>Шығармашылық жұмыс

"Салауатты өмір салтын қолдаймыз" тақырыбына сурет салу, эссе жазу, өлең шығару

Сергіту сәті
"Көңілді күн" гимнастикалық жаттығу

Тапсырма

1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.
Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
Қорытынды
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: "Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?" депті. Сонда Сократ "Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ" деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.
Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар. Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.

Жүректен жүрекке


Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: