аз немесе көп ақуызды, майлы, көмірсутекті болмауы үшін "Тағамдар нәрлілігі" кестесінен хабардар болуы керек екенін ескерткені дұрыс.
Қазақ ұлтының салауаттылық, парасаттылық, имандылық, адамгершілік, тәлім-тәрбие туралы өлмес құнды ұлттық мұрасының дамуын шолып өтсек, Ибн сина еңбектері, Шығыс аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби, Омар Хайям рубайлары, түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес рухани мұра қалдырған: Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Иассауи, Хайдар Дулати шығармаларының орны ерекше. Араға бес ғасыр салып, қолымызға сағындырып жеткен ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" атты еңбегі, ұлттық психологиядан болашақтың салауаттылығына, имандылығына арналған мол мағлұмат алуға болатын еңбек.
Қазақ халқын әлемге танытқан Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерінің ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше. Бүкіл бір халықтың ұстазы Ұлы Абай өзінің қара сөздерінде жан мен тән тазалығы, имандылық қасиеттері "толық адам", дені сау адамның іс-әрекет нәтижелері, жалпы қауымның игілігіне айналады деп тұжырымдайды.
ХХ ғасыр басында қазақ халқының білім беру саласында үлкен бетбұрыстар болды. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау, оны бүгінгі оқушылардың тәрбиесіне, салауаттылығын қалыптастыруға пайдалануда тәлімдік ой-пікірлерімен қазақ даласына із қалдырған Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытұлы, М. Дулатов және т. б. еңбектері - ұрпақ саулығы үшін қам жеген денсаулық мәселесіне арналған мұраларының орны ерекше.
А. Байтұрсынұлы "Тәні саудың - жаны сау" екенін айта отырып, "Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының тамыры - тазалықта, жан саулығының тамыры - саулықта" - , деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын меңзейді. Себебі, денс
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>