Салауатты өмір салты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Салауатты өмір салты
Мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына баулу.
Көрнекілігі: слайд, видео, плакат.
Жабдығы: компьютер, интерактивті тақта, үнтаспа, ватман, фломастер, стикерлер.
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, талдау, пікірлесу, тренинг.
Түрі: дәстүрлі емес
Барысы
1. Мұғалім: Құрметті қонақтар, "Салауатты өмір салты" атты 10 сыныбында өтілетін ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде Елбасының мына сөздері алынды: "Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі". Сабағымыздың мақсаты ұлт денсаулығы табысты болашақтың негізі екенін жан - жақты талдап түсіну және салауатты өмір салтына дағдылану. Әдеттегідей сабағымызды шаттық шеңберінен бастайық.
Шаттық шеңбері. Тренинг "Әлемге денсаулық!". Оқушылар жүректерге тілек жазып глобусқа жапсырады. Хормен "Әлемге денсаулық тілейміз, болашаққа денсаулықпен бірге барайық!".
2. Ойланайық, пікірлесейік. Сұрақтар:
Слайд 1. Неліктен мына адам тынықса да шаршағаны басылмайды?
Слайд 2. Мына суретке қарап темекі туралы не айтасыңдар?
Слайд 3. Темекінің зиянын біле тура неліктен адамдар шылым шегеді?
Слайд 4. Алкоголь мен сәбидің арасында қандай байланыс бар?
Слайд 5. Мына сурет сендерге қандай ой салады?
Слайд 6. Ішімдік адамды қандай жағдайға ұшыратады?
Слайд 7. Мына

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: