Салауатты өмір салты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

ғанын сезініңдер (оқушылар көздерін жұмып бақытқа бөленеді).
8. Қорытынды. Осы айтылғандарды ой - електен өткізіп қорытынды жасаңдар. Бұл қорытындыны "Денсаулықтың кепілдері және денсаулықтың жаулары" атты диаграмма түрінде көрсетіңдер. Оқушылар екі топқа бөлініп постер қорғайды.
Мұғалім: Бүгін денсаулық тақырыбына арналып көп мағлұматтар айтылды. Бұл саладағы білімдерің кеңейіп өзгелерге де ақыл - кеңес беретін дәрежеге жеттіңдер деп ойлаймын. Мектебіміздің оқушыларына арнап тәрбиелік әсері мол үндеу жазуларыңды сұраймын.
Балалардың үндеуі.
Шығармашылық жұмыс. Жоба. Үндеулерін сәтті, мағыналы шықты. Енді осы үндеуді жүзеге асыру үшін қандай жоба ұсынар едіңдер?
1 топ: Темекі шегуді болдырмаудың жолдары;
2 топ: Ішімдікті шектеудің жолдары.
Мұғалім: Шығармашылық жұмыстарыңа рахмет.
Тренинг "Сиқырлы сатушы".
Мұғалім: Бүгін бізге сиқырлы сатушы қонаққа келіпті. Бойымыздағы кемшілігімізді қағазға жазып сиқырлы сатушыға берсек орнына қымбат құндылық сыйлайды.
Сиқырлы сатушы: Рахмет, достарым. Сендерге осындай қымбат құндылықтарды сыйлағаныма қуаныштымын. Сау болыңдар!
Оқушылар: Сау болыңыз сиқырлы сатушы, сізді асыға күтеміз!
Тренинг "Менің көңіл күйім". Сабақтан алған әсерлеріңді бұлт немесе гүл таңдау арқылы білгім келеді





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: