3. Мәңгілік Сырағаң.
Сынып үш топқа бөлінеді
І-топ : Ұлы Отан соғысына арнаған өлеңдерін талдайды ІІ-топ: Мәуленов - суреткер ақын
ІІІ-топ: Отанға ,туған жерге арналған өлеңдер
Әр топ өз тапсармаларын қорғап, бір-бірлерінің сұрақтарына жауап береді
І-топ Сырбайдың Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдері Қап - қара түн", "Қап - қара бомба", "Қара орман", "Қап - қара қайғы", "Түбірлер", "Майдан түн", "Майдан жолында", "Соғыстан қайтқан солдаттар", "Соғыс жолы" т. б. өлеңдері қазақ әдебиетінің қазына байлығы! Ол соғыстан адамзатқа тән қасіретті көңіліне түйіп оралды. Көргені бар, көңілге түйгені бар ол бұл тақырыпта өлмес, өшпес өнеге үлгілерін жасап қалдырды. Соғыс - ақын үшін өмір мен өлім айқасы, бақ пен сордың тайталасы. Соғыс бір өмірді обып жұтып жалмап жатыр, ал енді бір өмір сұрапыл соғыс ішінде, бұрқылдаған бомба, бықсыған түтін арасында сабақталып жатады.
ІІ-топ
Мәуленов - суреткер ақын. Ақын жырлары тұнған табиғат суреті. Табиғат тіршілік анасы. Тіршілік анасына табыну, табиғатын тану, жанына еріп жырлау - ақын жүрегінің сұлулығы, тану көрекмдігі. Ақын өлеңдерінде табиғаттың ғажайып суреттерін "Ақ түн", "Апрель жаңбыры", "Жусан", "Түн", "Діріл", "Күз келеді жақындап. . . " т. б. өлеңдерінен көруге болапды. Табиғат лирикалары - ақынның жан сұлулығының жемісі.
ІІІ-топ Туған жер кім - кімге де ыстық қой. Құштар сезімінің ақын жүрегінен жыр болып құйылып кететінін Сырағаның "Сағынып келдім, туған жер", "Туған жерім ыстықсың сен біртүрлі" дейтін өлеңін оқып көрсек, анық түсінеміз Жаңа сабақты бекіту 1. Оның қандай жинақтары шықты ? "Өлеңдер" (1948), "
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>