ретінде қолданамыз. Сиырды сойса етін етін жейміз,ал сүтінен қаймақ,құрт,ірімшік,қатық,айран даярланады.
Қойдың етін пайдаланамыз,жүнінен қолғап,байпақ,т. б. киім-кешек тоқып киеміз. Терісінен тон киеміз.
Ал ешкі сүтінің емдік қасиеті өте зор,сонымен қатар одан да сүт тағамдары жасалады.
Түйе малы өте төзімді,еңбекқор жануар. Түйені де сойса еті,сауса шұбаты өте пайдалы тағам болып табылады. Ал жүнінен киім-кешек тоқып,көрпе тігеді.
Балалар,кәнеки мына суретке қарайықшы "Енесін тап"-ойынын ойнап көрелік Кім бастайды? Әрбір жануардың төлдерін кім атайды?
Дұрыс. Олар:бота,бұзау,қозы,лақ,құлын.
Енді осы төлдердің дыбыстарын шығарып көрейікші. Қанеки. Жақсы
Төлдердің дыбыстарын дұрыс шығардыңдар,енді оларды шақырып көрейік,қалай шақырамыз?
1. Бұзау мөңірейді,оны "әукім-әукім"-деп шақырады
2. Қозы-лақ маңырайды,оны "шөке-шөке"-деп шақырады.
3. Құлын кісінейді,оны "құрау-құрау"-деп шақырады
4. Бота боздайды,оны "көс-көс"-деп шақырады.
Дұрыс,айттыңдар. Үйлеріңде мал бар ма? Әрине бар.
Балалар,малдар да төлдерін еркелетіп,иіскеп жақсы көреді екен.
Сендердің де ата-аналарың ,апа-аталарың еркелеткен кезде "ботам", "құлыншағым"-деп айтады емес пе?
Қой сүйеді баласын- "қоңырым"-деп
Ештеңкені білмейтін- "момыным"-деп
Сиыр сүйеді баласын-"торпағым"-деп
Қараңғыға баспаған-"қорқағым"-деп
Ешкі сүйеді баласын-"лағым"-деп
Тастан-тасқа секірген - "шұнағым"-деп
Жылқы сүйеді баласын-"құлыным"-деп
Тұлпар болып жүгірген-"жұрыным"-деп
Енді балалар, мен сендерге қазір қоржын әкелемін. Ол қоржынның ішінде гүлдің қауырсындарына жапс
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>