Сабақтың тақырыбы: «Төрт түлік мал-ел байлығы»

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Курмангалиева Гульсум Советовна
әлеуметтік педагог
ШҚО Білім басқармасы "Көкпекті ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ Көкпекті ауылы,Көкпекті ауданы,Шығыс Қазақстан облысы

Сабақтың тақырыбы: "Төрт түлік мал-ел байлығы"
Мақсаты:
білімдік:
балаларға төрт түлік мал,малды өсіру,күту үшін адамның сіңірген еңбегі туралы түсінік бере отыра,ата кәсібіміз мал шаруашылығына деген балалардың қызығушылығын ояту. Жұмбақтар,мақал-мәтелдер шешкізу арқылы білімдерін толықтыра түсу. Бейнелеу қабілеттерін,қиялын дамыту.
тәрбиелік: адам еңбегін бағалай білуге және мал шаруашылығын сүйе білуге тәрбиелеу. Көркемдік қабілеттерін қалыптастыру. ұсақ моторикасын арттыру.
түзету: балалардың сөздік қорын жетілдіру,коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі:төрт түлік мал бейнеленген суреттер,буклет,қоржын,малдың муляжы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Көрсету,түсіндіру,ойын ойнату,жұмбақ шешкізу,малдардың шығаратын дауыстарын анықтату.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасу,сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу,сабаққа психологиялық даярлық жасау.
2. Жаңа сабақ
Балалардың назарын тақтада ілінген төрт түлік малға аударамын да жаңа сабақты бастаймын. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз мал атаулының
Қадыр-қасиетін жетік біліп,бүкіл қазақ даласын малға толтырған. Қазақ жері мал өсіруге өте қолайлы. Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес.
Төрт түлік малды бәріміз де білеміз. Ал енді оған қандай малдарды жатқызамыз?
Дұрыс,оларға: түйе,сиыр,жылқы,қой жатады. Төрт түлік малды біз үнемі пайдаланамыз. Мысалы: жылқының етін,қазы-қартасын,жал-жаясын жейміз. Ал қымызын сусын ретінде пайдаланамыз,оның емдік қасиеті өте зор. Өзін көлік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: