Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым. 3- сынып

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Менің Оқу құралдарым.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқу құралдары туралы білімдерімізді жинақтап, дидактикалық ойын түрлері арқылы бекіту.
2. Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын сауатты, таза ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы қорыту, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдісі - тәсілдері: оқу- аудару, сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кәртішкелер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушылармен амандасу.
Өткен тақырыптарға шолу.
Сұрақтар: Балалар! Қазақ тілінде неше буын бар?
- Қандай?
- Ашық буын - орыс тіліне аударыңыз?
Мысал келтіріңіз?
3. Үй тапсырмасын тексеру: ереже қайталау
Жаңа сабақ.
Біздің сабағымыздың тақырыбы:менің оқу құралдарым. Ең алдымен жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерге жазып аламыз. Балалар! мысалы: Қараңдаршы! Бұл кім, білесіңдер ме? Иә, дұрыс айтасыңдар, "Гоу,Гоу Диего!" атты мультфильмнің кейіпкері Диего. Ол орыс тілін, ағылшын тілін жақсы біледі, ал қазақ тілін сендермен үйренгісі келеді. Біздің мектебімізге келгісі келеді. Диегоға көмектесеміз бе? Ол бізге сөмкесімен келді, бірақ оның ішінде ештене жоқ. Қалай ойлайсыңдар, онда нелер болуы керек? Балалар! Дәптерлерін ашыңдар,бүгінгі күнін, айын жазыңдар.
Жаңа сөздермен жұмыс істейміз. Оқу құралдар өте көп, әр сабаққа қажетті оқу құралдармен танысайық.
Сөздік-жұмысы
Ермексаз-пластилин
Түрлі түсті-цветные
Бояулар-краски
Желім-клей
Сурет дәптері-альбом для рисования
Бәрі-все

Оқулықпен жұмыс: 153б 3 тапсырма мәтін "менің Оқу құралдарым"
, мәтінмен жұмыс:

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: