>Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі
Достық болып қалады.
2 топ - Тапқырлар
Ұраны:
"Өнер - білім ,бәрі де
Оқуменен табылған. "
Жетістікті тағдыр емес
Білім ғана анықтар.
Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
oo Ойынымызды бастаймыз. Қорытынды сабақ болғандықтан, ойын түрінде өтеді. М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша "Бақытты оқиға" ойыны. Ойын бес геймнен тұрады. "Гейм" -
ағылшын тілінен аударғанда "ойын" дегенді білдіреді.
І. Бой жаздыру - Разминка
ІІ. Қоржындағы асықтар - Бочонки из мешочка
ІІІ. Сен - маған, мен - саған. - Ты-мне, я - тебе.
ІҮ. Қонақ кәдесі - Темная лошадка
Ү. Кім жүйрік ? - Гонка за лидером
І Бой жаздыру - Разминка.
Берілген сұрақтарға тек командалардың капитандары ғана жауап береді.
І - топ сұрақтары:
-Қазақ тілінде неше әріп бар?
-Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Тілдің қатысына қарай қандай дауысты дыбыстар бар?
- Еріннің қатысына қарай қандай дауысты дыбыстар бар?
-Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқтаған буын қандай буын?
- Дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқтаған буын қандай буын?
- Дыбыс үндестігі қандай болады?
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Тұрлаулы мүшелер неше?
- Тұрлаусыз мүшелер қалай аталады?
ІІ топ сұрақтары
-Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
- Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Жақтың қатысына қарай қандай дауысты дыбыстар бар?
- Буынның неше түрі бар?
- Дауыссыздан басталып , дауыссызға аяқтаған буын қандай буын?
- Үндестік заңы неше түрге бөлінеді?
- Буын үндестігі қандай болады?
- Тұрлаулы мүшелер қалай аталады?
- Тұрлаусыз мүшелер неше?
- Сын есімнің
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>