Республика; Казахстан
Кзылординская область
Жанакорганский район
Село: Суттикудык
Бименғазы Қаламхас Шілтенқызы
Учительница начальных классов. Сш 52 им Б Аралбаева
Сабақтың тақырыбы:Баяндауыш 35-39 жаттығу.
Сабақтың мақсаты: 1. Баяндауыш,оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру және бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгерту. 2. Баяндауыш туралы алған білімін,білік дағдыларын іс жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Топта өз ойларын ортаға салу, пікірлесу.
3. Оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге,бірінің пікірін бірі зер сала тыңдауға, құрметтеуге, әдепті батыл сөйлеуге,дәптерді ұқыпты ұстай отырып, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік,талдау, салыстыру,жинақтау, ізденушілік.
Сабақтың принциптері: Біртұтастық, жүйелілік,белсенділік, саналылық.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті мәтін, сөзжұмбақ, кеспе сөздер, ойын түрлері.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындықтан бастадық.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
34-жаттығу. Суретке қарап әңгіме құрау. Ойын: «Сиқырлы сандар»
10-Мәтін дегеніміз не?
20-Сөйлем неше түрге бөлінеді?
30-Бастауыш дегеніміз не?
40-Бастауыш сөйлемде қай сөз табының қызметін атқарады?
50-Зат есім дегеніміз не?
«Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып,сөйлемдерді толықтыру» ойыны.
боздайды. мөңірейді. кісінейді.
маңырайды.
-Балалар бүгінгі сабағымызға үй жануарлары келіп қалған екен ,біздің жаңа сабағымызға да қатысқысы келіп отыр.
-Қатыстырамыз ба?
-Ия
ІІІ. Жаңа сабақ. Олай болса сөзжұмбақты шешейік.
1Бақа
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>