Сабақтың тақырыбы : Қатынас

Страницы: 1 | 2  >  >>

Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы
52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің мектепке дейінгі шағын орталығы бар «жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі :
Ережепова Айгерим Рысбековна
Білім беу саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары және оның төлдері
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту. Жұмбақтар арқылы білімдерін кеңейту, балалардың ой – қиялын дамыту, сөздік қорын молайту. Жаңылтпаштарды анық және тез жаңылмай айтуға үйрету. Балалардың жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру, қомқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, ойын, сиқырлау, көрсету, әңгімелеу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айтқызу, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер: «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу құралы, жануарлардың суреттері, бет перде, ойыншықтар, қоржын, сиқырлы таяқша, хат.
Билингвальдық компоненті: жануар – животные- animals, үй жануарлары – домашние животные – domestic animals, ит – собака -dog, қой – баран,
Оқу іс - әреке-
тінің
кезеңдеріТәрбиешінің іс - әрекетіБалалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы-Сәлеметсіздер ме?
-Здраствуйте!
-Good morning!
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден!
-Жарайсыңдар балалар, осы жақсы көңіл – күймен орнымызға отырайық.
-Балалар мен бүгін балабақшаға келгенде, үстел үстінен хат тауып алдым. Хатта не жазылған екен ашып оқиын, сендер тыңдаңдар:
«Қымбатты балалар! Бұл хатты сендерге Білім ханшайымы жазып отыр, бұл жай хат емес ішінде сиқырлы тапсырмалар бар. Балалар сендерді ақылды, білімді, тәртіпті деп

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: