Сабақтас құрамлас сөйлем

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қазақ тілі 8 сынып
Тоқсан: ІІІ
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақтас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем мен салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білу және сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:: Адамгершілікке, ана тілін қадір тұтуға, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: кеспе қағаздары, слайд
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру;
Оқу құралдарын тексеру;
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Зымыран сұрақтар:
(Адай күйі)
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата
3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. Салалас құрмалас сөйлемнің байланысу тәсілі қандай?
5. Жалғаулық шылаулар түрін ата
6. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
7. Қарсылықты салалас дегеніміз не?
8. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
9. Себеп - салдар салалас дегеніміз не?
10. Талғаулы салалас дегеніміз не?
11. Кезектес салалас дегеніміз не?

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Семантикалық карта
Мысалдар
Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.
Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді.
Кейде қар жауады, кейде боран тұрады
Күндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді
Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айғайлады.
Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкеш пен Абайдың жүзіне қарады.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: