r/>Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын.
Мені жұмсаған жоқ, өзім келдім.
Қорыққаны сонша - орнынан тұра алмай қалды.
ІҮ Жаңа сабақтың мақсатын қою
1. Тақтаға бүгінгі күнді жазамын.
2. Міне, білімге құштар оқушылар, біз құрмаластың тағы бір түрімен танысқалы отырмыз. Күнделікті қолданып жүрген сөйлемдердің құрылымына зерделей қарап, құрамындағы жай сөйлемдердің байланысына мән беру, құпиясын ашу өздеріңе де ашу қызық болар. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қызықты әлеміне қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты салалас құрмалас сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемнен ажыра білу және сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгеру болып табылады.
Ү Жаңа сабақ
Жаңа сабағымызды әдебиеттің көрнекті өкілдерінің ауылдарына саяхат жасау арқылы жалғастырамыз.
Олай болса "Абай" ауылына қош келдіңіздер!
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз
Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянаақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.
Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.
Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз.
Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай - күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.
Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып,. . . .
Машина жолда бөгелмесе,. . . .
Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан,. . . .
Кең даланы сұлу сағым басты.
Тура үш сағатта барып қаламыз.
Жаңағы жай - күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>