15-күн
1-2-сабақ
Тақырыбы:
Сабақта ОҮБ қолдану әдістемесі
Жалпы мақсаты:
Мұғалімдер жоспарлауда тиімді оқыту идеяларын қолдану арқылы оқу үшін бағалаудың мәні және оны оқыту тәжірибесінде қолдану әдістемесі туралы білімдерін көрсетеді.
Оқу нәтижелері:
Мұғалімдер оқу үшін бағалау әдістерін қолданып, сабақ жоспарын әзірлейді және оқу үдерісін жетілдіру үшін оның қолданылу әдістемесін өзара бағалауды жүзеге асырады.
Түйінді идея
Бағалау үдерісінің (оқу үшін бағалау) оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіну мұғалімдердің бағдарлама идеяларын іс-тәжірибеде қолдану арқылы түйсінуді талап етеді. Курс қатысушылары өз бетімен әзірлеген әдістерді қолдана отырып, дереккөздер мен әріптестердің тәжірибесін талдау нәтижесінде өздерінің сабақ жоспарларын жасайды.
1-сабақ
Уақыты
Сабақтың барысы
5 мин
Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Шеңбер құрып, жүрек тұсыңызда тұрған әріптесіңіздің сізге ұнайтын қасиетін бағалаңыз!
Мұғалімдер шеңбер жасап тұрады. Жүрек тұсында тұрған әріптесінің жақсы қасиеттерін айтып көңіл күйін көтереді.
3 мин
Топқа біріктіру(түстер бойынша)
Қатысушылар тренердің нұсқауы бойынша топтарға бірігеді.
40 мин
Ұжымдық жұмыс.
Джиксо
Қатысушыларға ресурстарды талдауды ұсынамын.
1. Үй жұмысына арналған буклет (Білім беру платформасы).
2. Сабақтардың аяқталуы (Білім беру платформасын қараңыз).
3. Оқу үшін бағалау (Білім беру платформасын қараңыз).
4. Оқу үшін бағалаудың құралдары (Білім беру платформасын қараңыз).
5. Өзара бағалауға жағдай жасау (Білім беру платформасын қараңыз).
6. Әріптестермен бірлесіп іс-тәжірибені жетілдіру (Білім беру платформасын
қараңыз).
7. Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>