Сынып: 7 "А".
Пән: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.
Мұғалім: Мамиева Ә. А.
Сабақтың тақырыбы: Шіркеу және дін қызметшілері. Крест жорықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Христиан шіркеуінің бөлінуі, христиан қоғамындағы палалар, епископтар, архиепископтардың рөлі, крест жорқтарының себептері, шығысқа крест жорықтары, крест жорықтарының салдары туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өз бетімен жұмыстану, салыстыру, қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: тест, тірек-сызба, кесте арқылы түсіндіру, кесте толтыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Тест.
Орта ғасырлардағы өнер
1. ХІ-ХІІ ғ. Еуропадағы сәулет өнерінің үлгісі:
а. Классикалық в. Барокколық с. Антикалық д. Романдық е. Готикалық
2. ХІ-ХІІ ғ. ғ. өзінің сұстылығымен, алыптылығымен және жарты дөңгелекті аркаларымен ерекшеленетін архитектуралық стиль:
а. Готикалық в. Романдық с. Рококо д. Барокко е. Викториандық
3. Готикалық құрылыстар салынған кезең:
а. ХІІ-ХІІІ ғасырлар в. ХІ-ХІV ғасырлар с. ХІІ-ХV ғасырлар
д. ХІ-ХІІ ғасырлар е. ХІV-ХVІ ғасырлар
4. Еуропадағы ХІІ-ХV ғ. ғ. -дағы құрылыстардың атауы:
а. Барокколық в. Романдық с. Классикалық д. Модернистік е. Готикалық
5. Дамыған орта ғасырларда Еуропадағы бейнелеу өнерінің аса зор жетістігін көрсетіңіз:
а. Автопортреттер салу в. Гравюра с. Майлы бояу қолдану
д. Кітап миниатюрас
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>