МАТЕМЕТИКА 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
Оқушылардың көп таңбалы сандармен есептеу қабілеттерін нығайта түсу; көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру;
Дамытушылық:
Алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуін дамыту;ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:
Өзін ортаға сай ұстай білуге, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу; адамгершілікке, жауапкершілікке баулу; өзін-өзі бағалай білуге үйрену;
Сабақтың түрі:пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойындық оқыту технологиясы, ДОТ;
Көрнекілігі:үлестірме карточкалар, интерактивті тақта,
"пентамино" фигуралары,балалар газет-журналдары;
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану;
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Слайд 1. Матеметика сабағына қош келдңіздер!
I. Мотивациялық кезең (бағдарлау)
а) - Балалар, қазір бізде математика сабағы. Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. "Қонақ аз отырып, көп сынайды" -- деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта жақсы білімімізді көрсетеміз деп сенемін.
Слайд 2. (сабақтың тақырыбы мен мақсаты)
-Сабағымыздың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Мақсатымыз: көп таңбалы сандармен жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін есте ұстап, оны іс жүзінде қолдана білу.
Слайд 3. (газет-журналдар суреттері)
-Бүгін біз тапсырмаларды екі топқа бөлініп орындаймыз. Ендеше топтарымызға ат қойып алайық. Ол үшін мына жердегі балаларға арналған газет-журналдардан таңдағанымызды аламыз. Сол басылымның атауы топтың аты болады. ( "Айгөлек", "Ұлан", "Балдырған", "Мөлдір бұлақ" т. б. )
-Барлығымыз бері қар
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>