Білім беру саласы: "Әлеуметтік"
Білім беру көзі : Экология негіздері
Оқу іс әрекетінің тақырыбы: "Құсқа қамқорлық"
Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Білім беру көзі : Сурет салу
Оқу іс әрекетінің тақырыбы: "Сиқырлы құс"
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қысқы табиғатты бақылап қарапайым қыстың өзгерістерін айта білуге үйрету. Қыста құстардың тіршілігі туралы айту. Құстарға қамқорлықпен қарап, күтім жасауға дағдыландыру. Дәстүрлі емес әдіспен алақан арқылы құстың бейнесіне қанатын, айдарын құйрығын салуға үйрету. Түстерді таңдауға қолдануға үйрету, әдемілік,сұлулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: құстар суреттері (видео арқылы көру)
Жаңа сөздер: жалпылдап, қарқылдақ,шықылықтап;
Билингвалды компонент: құстар-птицы;қарға-ворона;
Іс - әрекет бөлімдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Ынталандыру
Тәрбиеші Кірпі мен Жаутаңнан хатт келгенін айтып,оқиды: "Сәлеметсіңдер ме,балалар!"Біздің орман тым-тырыс болып қалды. Құстар көрінбейді,дауыстары естілмейді. Біздің құстар сендер жаққа ұшып кеткен сияқты. Егер келсе бізге хабар беріңдер. Кірпі мен Жаутаң.
Тәрбиеші балалардан топқа келе жатқанда қандай құстарды көргендерін сұрайды.
Суретпен жұмыс:
Тақтаға құстардың суреттерін іліп,жұмбақтар жасырады. Әр жұмбақты шешкен сайын сол құстың суретін алып,мольбертке орналастырады.
Хатты тыңдайды.
Көрген құстарын естеріне түсіреді.
Құстардың суретін тамашалайды.
Ізденістер.
Ұйымдастыру
Жұмбақ шешеміз:
Бір-ақ уыс көлемім,
Шыбын - шіркей корегім.
Бау-бақшаны қорғаймын,
Ал атым ше?
(торғаймын)
Балаларға торғайды сипаттатады, өзі толықтырады. Үнтаспа қосып,даусын тыңдатады.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>