С. Торайғыров. Шәкірт ойы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ға",
"Туған еліме",
"Сымбатты сұлуға",
"Қыз сүю",
"Гүләйім",
"Өмірімнің уәдесі",
"Жан қалқам",
"Гүл", т. б. өлеңдерін, "Кім жазықты?" атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол
1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.
1916 - 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. "Шәкірт ойы" өлеңінде "Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды", "Мұздаған елдің жүрегін жылытуды" армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.
1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, "Алаш ұранын" жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,
1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г. Ц. Плеханов, Н. Г. Чернышевский, т. б. ) көп оқып,
"Шал мен қызға",
"А, дүние",
"Жас жүрек",
"Сарыарқаның жаңбыры",
"Адасқан өмір",
"Кедей",
"Айтыс", т. б. өлеңдерін жазды.
Шығармашылығының ерекшелігі
Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 - 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: