азының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, 1912 - 13 жылдар аралығында
"Оқып жүрген жастарға",
"Тәліптерге"("Шәкірттерге"),
"Ендігі беталыс",
"Оқудағы мақсат не?",
"Анау-мынау",
"Мағынасыз мешіт",
"Жарлау",
"Досыма хат",
"Шығамын тірі болсам адам болып",
"Түсімде",
"Жазғы қайғы",
"Қымыз",
"Кешегі түс пен бүгінгі іс", т. б. өлеңдерін, "Зарландым" атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста "Қамар сұлу" романын жазуды бастады.
1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров "Айқап" журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, "Өлең һәм айтушылар", "Ауырмай есімнен жаңылғаным", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?", т. б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын
1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін "Шоң серіктігі" деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен
"Ләнет бұлты шатырлап",
"Алтыаяқ" сияқты өлеңдер жазған.
"Ендігі беталыс",
"Тұрмысқа",
"Бір адам
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>