20-ға, құрылыс материалдары өнеркәсібіне жолданатын капиталды 35 -- 40-ға азайта алады. Республикадағы құрылыс өнеркәсібін дамытуда ғылыми-техникалық ілгерілеудің негізгі міндеттері мыналардан құралады:
-- кұрылыс материалдарын әзірлеу барысы күрделі құрылыстан бұрын болуын қамтамасыз ету;
-- материал, бұйым және конструкция түрлерін қазіргі заман талабына сай жетілдіру, оларды әр түрлі мақсатта (ыстық-суықтан қорғау, жүк көтеру, конструкциялык қасиетке ие болу және т. б. ) пайдалануды қамтамасыз ету;
-- құрылыс материалдары мен конструкцияларының техникалық қасиеттерін сақтаған жағдайда міндет жеңілдей түседі;
-- материалдардың сапасын, әсіресе, зиянды орта әсерінде ұзаққа төзімділігін қамтамасыз ету;
-- жергілікті шикізаттардан тиімді құрылыс материалдарын алу;
-- кәсіпорындардың қуатын нарық талабына орай анықтау;
Страницы: << < 1 | 2 | 3