Құрылыс материалдарын стандарттау
Шикізатты технологияға сай дайындау кезеңдеріне оны ұсақтау және ұнтақ дәрежесіндегі ұсак-ірі даналарға ажырату, елеу, шаю, бөлшектер бетін тазалау, ылғалдау, кептіру, қыздыру немесе шикізаттан ерітінді дайындау, сондай-ақ алынушы материалдың сапасын арттыруға қажет физикалық-химиялық тәсілдер жатады. Олардың ішінде шикізатты ұсақтау мен ұнтақтау технологиясы басқа материалдар алуда да қолданылады. Зат неғұрлым ұсақ етіп түйілсе, оның салыстырмалы беті соғұрлым үлкейе түседі, әрі сапасы артады.
Мемлекеттік стандарт дегеніміз бұл заң. Тәуелсіздік жылдарында құрылыс материалдарын өндіру бірнеше есеге артты. Өнім сапасы жақсарды және жаңа технологиялық әдістер қолданылды.
Құрылыс жұмысында техниканың дамуы, құрылыс әдістерінің индустриялануы, бұрынғы материалдардың орнына жаңа материалдардың пайдаланылуы республикадағы стандарттау тізгміне ықпал етеді. Сондықтан көптеген құрылыс материалдарына арнап Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты әзірленді.
Стандарт - мемлекеттік құжат, ол құрылыс материалдарын өндіру және оларды пайдаланатын әрбір министрлік, басқарма және кәсіпорындар үшін міндетті түрде қолданылатын нұсқаулық. Әрбір стандарт өзінің нөмірі мен бекітілген жылына ие. Мысалы, кірпіштің стандартында бірінші сан - оның реттік нөмірін, екінші сан бекітілген жылын көрсетеді.
Әрбір құрылыс материалдарына арнап бекітілген стандартта материалдың құрамы, қасиеттері, өлшемі, пішіні, сынау тәсілдері, қабылдау шарттары, сақтау және тасу шарттары, сондай-ақ осы саладағы ғылым мен техниканың жетістіктері сияқты мәліметтер кеңінен беріледі.
Мемлекеттік стандарттар қалай әзірленеді және оған қандай мәліметтер негіз етіп алынады? Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу үш кезеңге бөлінеді.
I кезең. Қоғамд
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>