Әртүрлі білім салаларының колданылуы

Страницы: 1 | 2  >  >>

Әртүрлі білім салаларының колданылуы
Мұғалімі: Тексерген:

Сыныбы: Күні:

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі білім салаларының колданылуы
Мақсаты:
І. Білімдік: Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарды толықтыра отырып, модельдердің тәжірибелік тұрғыдан қолданылуы туралы білімдерін толықтыру.
ІІ. Дамытушылық: Модельдердің қолданылу аясы туралы ақпарат бере отырып зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
ІІІ. Тәрбиелік: Танымдық қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттікке тәрбиелеу.
Білім - білікке қойылатын талаптар: Оқушылар объектінің моделі ұғымын, модельдерді кластарға бөлуді, модельдердің негізгі кезеңдерін, модельдерге мысалдар келтіре алуы керек.
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: математика.
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру, ойын.
Көрнекіліктер: Компьютер, оқулық.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
"Ыстық орындық" әдісі бойынша сұрақтар қойылады.
1. Модельдердің неше түрі бар?
2. Материалдық модель дегеніміз не?
3. Ақпараттық модель дегеніміз не?
4. Ақпараттық модельді сипаттау әдістерін ата.
5. Сұлба түріндегі ақпараттық модельге мысал келтір.
6. Граф деген не?
7. Модельдердің қасиеттерін атап көрсет.

ІІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою.
Ал енді балалар біз модельдер туралы ақпарат алдық енді бүгінгі сабақта модельдерді зерттеу, яғни қандай салаларда қолдан

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: