Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы
Білім беру саласы: "Таным"
Кіші сала:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Өрт қауіпсіздік еліне саяхат
Мақсаты:Өрт сөндірушінің кәсібі туралы балалардың білімін кеңейту. Балаларды от және оның қасиеттерімен таныстыру. Өрт кезіндегі тәртіп ережесі және өрттің шығу себебі,қауіпті жағдайлар туралы балалардың білімін бекіту. Білуге құштарлығын,есте сақтауын дамыту. Абай болуға,сақта нып жүруге тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс:өрт сөндірушілер туралы әңгіме жүргізу
Сөздік жұмыс:өрт,өрт сөндіруші,өрт сөндіргіш,от
Дидактикалық материалдар:суреттер,тәжірибе жасауға:темір поднос,шыны стақан,су,топырақ,құм,майшам,каскалар,сіріңке макеті,үй макеті
Іс әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші балалармен топқа кіреді. Телефон шырылдады.
Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе,сіз кімсіз?
И. П. :Сәлеметсіз бе,бұл инспектор Пажаркин. Бұл 11бөбекжай бақшасының "Ақбота" тобы ма екен?
Т:иә. Не айтайын деп едіңіз?
И. П. :Балалар,мен сендерге "жас өрт сөндіруші"болуды ұсынамын. Ол үшін сендер әр аялдама сайын сынақтан өтулерін керек. Ал ең соңғы аялдамада мен сендерден емтихан алып, "жас өрт сөндіруші" етіп тағайындаймын. Сендер келісесіңдер ме?
И. П. :онда кездескенше,сендерді күтемін.
Балалар топқа кіреді.
Телефон шырылын тыңдайды.
Балалар мұқият тыңдап тұрады.
Қызығушылық танытады.
Сұрақтарға жауап береді
Иә,келісеміз деп айтады
Проблемалық ізденушілік
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>