Рәміздерім - елдігімнің белгісі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Рәміздерім - елдігімнің белгісі".
Мақсаты:
білімділік - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;
дамытушылық - жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік - қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, нақыл сөздер, авторлар суреті,

Барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Әнұран орындалады. Тренинг ойнатылады.
1 - жүргізуші: Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Әнұран, Елтаңба, Ту. Біз бүгін рәміздер еліне саяхатқа шығамыз.
Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата - бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттілігін қалпына келтіре алды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз - Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
Рәміздер - бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер.
Рәміздер көне замандардан бері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: