кеттің жаңа рәміздерін қабылдауға ерекше мән беруі де осыған байланысты.
2 - жүргізуші: Рәміздер мемлекеті үш аймақтан тұрады: "Әнұран", "Елтаңба", "Ту". Осы үш ауылға сапарымызды жалғастырайық.
"Әнұран" еліне келдік. Осы елдің шығу тарихымен, әнші - композиторларымен танысайық.
Мадияр: Біздің елімізде Мемлекеттік Әнұран ретінде "Менің Қазақстаным" әні қабылданған. Бұл әнді ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері болатын.
Әнді алғаш орындаған - Жамал Омарова. Әнде халықтың патриоттық сезімі берілген. Бұл ән әр үйде, әрбір мекемеде шырқалатын. 1986 жылы "Менің Қазақстаным" бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
"Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!" - деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Әнұранның жаңа мәтіні қазақ халқының асқақ рухын, асыл мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді.
Әнұранның сөзін жазған - Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөзін жазған - Шәмші Қалдаяқов.
Қазақстан Республикасы Әнұранының авторлары.
Нұрайна: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтінінің авторы, экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, "Алтын қыран" орденінің, дүниежүзінің көптеген елдерінің жоғарғы мемлекеттік наградаларының, бірқатар халықаралық және отандық қоғамдық ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтарының иегері.
1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепрод
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>