Байқоңыр ғарыш кешенін онан әрі дамыту жайлы мемлекетаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
«Байқоңыр» ғарыш кешенінде қазақстандық мамандар санын арттыру, сондай-ақ Байқоңыр қаласында білім беру мен дәрігерлік қызмет көрсетуді дамыту мәселелері қаралды.
Байқоңыр кешені 1955 жылы салынған. Қазір ғарыш айлағы негізінде ең жоғары экологиялық қауіпсіздік деңгейіндегі жаңа ғарыштық ракеталық «Бәйтерек» кешені жасалынуда. Астанадағы екі жақ өкілдерінің рәсімі кезінде бұлардың қаржылық қоры 400 мың АҚШ доллары көлемінде болатыны анықталды. 2005 жылы наурыздың соңында Қазақстан мен Ресей аралығында «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорыны құрылды. Бірлескен кәсіпорын акционерлік қоғамының мүддесін қорғайтын өкілетті тұлға – Ресей батыры, Қазақстанның халық қаһарманы – Талғат Мұсабаев. «Бәйтеректің» пайда болуын біздің еліміздің, жас мемлекетіміздің ғарышты игеруге тәуекел деп бет бұрғанының белгісі деп түсінгеніміз жөн.
Қазіргі ғарыш игерумен атағы әлемге таралған, әрі өте экологиялық қауіптілік төндіріп жатқан «Байқоңыр» тек атмосфералық ауа мен жер үстіндегі кеңістіктегі бүлдіріп жатқан жоқ, сонымен бірге жер астынан суын да сарқауға айналды. Байқоңыр жылдық мерзімін ұзартумен қатар Ресей Қазақстанның ғарышты игеру жұмыстарына жан-жақты көмек көрсететіні айтылды. Осы келісім бойынша «Ангара» зымыран-ғарыш кешені базасында қоршаған ортаға, ауа мен жерге экологиялық зиян келтірмейтін «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешені салынатын болды. Бір сөзбен айтқанда «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешені маңызды халықаралық жоба болып саналады.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы. Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер: 21 республика, 9 дер-бес округ, 1 дербес облыс, 6 өлке, 49 облыс, 2 қала (Мәскеу мен Санкт-Петербург) енеді. Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, со
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>