дер негізінде толығымен бекітілді.
Ресей геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынықмұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар Орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің гесаяси жағдайын нығайта түспекші.
Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеруге қатысты оның «Байқоңыр» ғарыш айлағының аймақтық жағынан ғана емес, сонымен бірге орбиталық ғарыш станциялары арқылы ғарышкер басқаратын ғарыш кемелерінің ұшуымен де байланысты. Қазақстан әлемдік космонавтикаға тек өте сирек кездесетін ғарыш кешенінің иесі және арендаға беруші ғана емес, өзінің ғылыми ғарыштық бағдарламасы өзінің ғарышкерлері бар ел ретінде белгілі. Мысалы, Қазақстанның бірінші ғарышкері Т. Әубәкіров «Мир» орбиталық станциясы арқылы 1991 жылы ғарышқа ұшты. Қазақстандық ғылыми-ғарыштық бағдарламаның және эксперименттің бастамасын жасады. Бұл бағдарламаның одан әрі жүзеге асуы қазақстандық екінші ғарышкер Т. Мұсабаевтың 1994, 1998 және 2001 жылдардағы халықаралық ғарыш станциясы арқылы ұшу сапарында іске асты.
Байқоңыр ғарыш алаңында ғарышқа ұшырылатын зымырандар сынақтан өтеді. Сонымен бірге ғарыш айлағы саяси полигон болып қалуда. Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991 жылдан бері 40-тан астам ғарышкер ұшырылды.
1994 жылы 28 наурызда Қазақстан және Ресей елдері басшылары арасында «Байқоңыр» кешенін 20 жылға Ресейге жалға беруге қол қойылды. «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру өзара экономикалық тұрғыда бағалы болуда. Ресей жыл сайын 115 млн доллар бөлінуде. Бұл келісім Ресей Федерациясына ғарышты игеру барысында табыстарға жетуіне мүмкіндік жасады.
2005 жылдың сәуір айында Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық бойынша
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>