ң көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен, Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елде-
рімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің Тынық мұхиттық жағалауы, Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Ресей – сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шөптері жоқ аймақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығы- на ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі ХIV-XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына ка-
рай татар-монғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері бір-
тұтас мемлекетті құрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.
Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік –батысындағы, шығысындағы, оңтүстік–шығысындағы аумақтарды
Күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықта-
рын қосып алу кезеңі басталды.
XVII ғасырдан ХХ ғ. бірінші жартысына дейін Ресей и
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>