рін бұруға, айналдыруға болады.
Кескіннің түстік түзетуін баптауға мәзірдің Түстер тармағының бұйрығы жауап береді.
V. Сабақты бекіту: Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
А деңгейі
1. GIMP программасын іске қосыңдар кескіндер Кітапханасынан сурет ашыңдар.
2. Кескіннің өлшемін электронды пошта арқылы тіркеп жіберуге болатындай згертіңдер. Ол үшін
қандай шарттар орындалуы тиіс?
3. Кескінді карлаңдар және Кадр файлындағы өзгерістерді өз бумаларыңда сақтаңдар.
4. Бұру мен шағылысу амалдарын орындаңдар. Алынған нәтижелеріңді әртүрлі файлдарда сақтаңдар.
5. Реңдеуді орындаңдар. Фотосуретті Реңдеу атаумен сақтаңдар. Реңдеу амалын болдырмаңдар.
Кезекпен Меже Қисықтар Постеризациялау бұйрықтарын кескіндерге қолданыңдар.
6. Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіңдер.
В деңгейі
1. GIMP графикалық программасын қосып ондағы фотосуретті ашыңдар.
2. Кескін қасиеттерін қарап шығыңдар.
3. Өз қалауларыңша оқылған параграф материалына сәйкес фотосуретті редакциялаңдар.
4. Кескінді . jpg пішімінде сақтаңдар.
5. Бастапқы кескінді ашыңдар және оны редакцияланған кескін терезесімен қатар қойыңдар.
6. Кескіндермен жұмыс істеу кезіндегі әрекеттерді сипаттаңдар.
7. Сол кескінде тағы нені өзгертер едіңдер? Ол өзгерістерді өз беттеріңше жасап көріңдер.
C деңгейі
1. Адамның сұлбасы бар кез келген фото суретті ашыңдар.
2. Кескіндерге қолданылатын амалдарды пайдаланып бұл фотосуреттен бір-біріне қараған егіздердің жаңа фотосуретін жасаңдар. Мысалы, 87 а,ә-суреттерде көрсетілгендей. Тапсырманың орындалу нәтижесінде назар аударыңдар, фотосуретті артық элементтерден тазартып түстік түзетулерді орындаңдар.
VІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар. <
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>