андық құрылғылар (фотокамералар) арқылы айтарлықтай сапалы суреттер алуға болады. Кескіннің сапасы жақсы болған сайын файлдың көлемі үлкен болады.
Сандық фотоаппараттардан алынған фотосуреттердің әдетте өлшемдері қандай болады? Ұялы теле-фонның ше?
Фотосуреттерді электронды поштадан жіберу немесе веб-парақшаларда орналастыру үшін кескіннің өлшемін кішірейту керек. Мұндай мүмкіндік GIMP программасында карастырылған.
Дискіде сақталған кез келген фотосуретті ашыңдар.
Экранда көрсетілген өлшем - фотосуреттің нақты өлшемі емес. GIMP кескінің логигалық өлшемін көрсетеді, яғни кескінді терезеге енгізеді. Алынған кескіннің масштабын терезенің төменгі бөлігіндегі қалып-күй жолы-нан көруге болады. Мысалы, өлшемі 640х640 фотосурет өлшемі нүктелері программа терезесінде 66,7 масштабта көрсетіледі. (76-сурет)
Өлшемді өзгерту үшін Кескін (Изображение) Кескін өлшемі (Размер изображения) бұйрығын шақырың-дар (77-сурет) белгісі өлшем режімін реттеуге мүмкіндік береді: биіктігі мен ені пропорционалды өзгере-ді, кескін бұзылмайды. Егер бір ғана параметрі өзгерту керек болса белгілі басу қажет, оның түрі өзгереді.
Фотосуреттеріңнің өлшемін кішірейтіңдер. Кескінді басқа атаумен сақтаңдар. Фотосуреттердің кіші-рейтілгенге дейінгі және одан кейінгі өлшемдерін салыстырыңдар.
Кадрлау
Түскен фотосуреттердің әрқашан сендердің көңілдеріңнен шыға ма?
Әдетте фотоға түскенде біз көбінесе фонға ұсақ бөлшектерге көңіл аудара бермейміз. Содан кейін фотосу-реттерді компьютерден көріп отырғанда артық нәрселерді алып тастап фотосуреттің негізгі нысанын бөліп көрсеткілерің келеді. Бұл кезде сендерге Кадрлау - берілген шекаралар бойынша Кескінді кесу көмектеседі.
Кадрлау құралы Құралдар панелінде орналасқан. Оны Құралдар (Инструменты).
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>