Распорядок дня

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ды.
1-тапсырма.
Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы суреттер бойынша Асланның күн тәртібі туралы әңгімелейді, топпен талқылайды.
Дескриптор:
1. Суреттердің мазмұнын түсінеді;
2. Сурет бойынша әңгіме құрастырады;
3. Күн тәртібінің ретін сақтайды.
Қалыптастырушы бағалау:
Бармақпен бағалау


2-тапсырма:
Оқушылар "Фуршет" әдісі арқылы өз күн тәртіптері жайлы өзара сұхбаттасады.
Дескриптор: оқушылар өз күн тәртіптері жайлы әңгімелейді.
- Сен таңертең нешеде оянасың?
-Нешеде ұйықтайсың?
-Таңертең тұрғанда не істейсің?
-Күндіз немен айналысасың?
Қалыптастырушы бағалау:
Мадақтау
3- тапсырма орындау: әр топқа сағаттың суреті беріледі. Күн тәртібіндегі іс-әрекеттер суреті салынған қиынды қағаздары таратылады. Оқушылар күн тәртібін дұрыс ретпен сағат шеңберіне орналастыру қажет.
Дескриптор:
-суреттерді дұрыс ретпен орналастырады;
-Суреттерді уақыт өлшемдерімен дұрыс сәйкестендіреді;
-Жұмыстарын дәлелдей алады.
Қалыптастырушы бағалау: фейерверк әдісі арқылы мадақтау
4-тапсырма:
Апта күндерін үйрету. Оқушыларды 1-2-3 санатып, 1 оқушылар ортаға шығады. Әр қайсысына апта күндері жазылған тәждер беріледі.
Оқушылармен бірнеше тапсырмалар орындалады.
1)Оқушылар көздерін жұмып, рет-ретімен дұрыс тұруы қажет.
Көздерін ашқанда, қай жерде қателік кеткендерін табады. Бірнеше рет қайталайды.
2) Бастарындағы тәждерін шешіп, тез рет-ретімен тұра қалуы керек.
Дескриптор: апта күндерін ретімен орналастыру;
Қалыптастырушы бағалау: 3 рет қол шапалақтау
Сергіту сәті: Ломбада биі. Оқушылар апта күндері жазылған жолақшаларды таңдап алады. Музыка басталғанда "дүйсенбі"-"сейсенбі" - тб билейді.
Тапсырма:
Мұғалім күн тәртібі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: