Сабақтың тақырыбы: «Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері. »
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік:қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, мәдени мұрасын оқушылар бойына дарытып, іскерлікке баулу.
ә) тәрбиелік:ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Теориялық білімдерін ұштастыра отырып, имандылыққа, еңбекшілдік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
б)дамытушылық:оқушылардың талғамдық қабілетін арттыру, ой-өрісін, өзіндік іс- әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын, таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара іздене білу.
Пәнаралық байланыс:Тарих, Геометрия, Әдебиет, Бейнелеу, Сызу, Өзін-өзі тану.
Көрнекілігі және керекті құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, қатты қағаз, үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы,бор немесе қарындаш
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен-жүрекке» біріне-бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады.
ІІ. «Кім көп біледі?» Үй тапсырмасын сұрау.
1. Белдемше конструкциялық ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді? (қынамалы, кең етекті, бірнеше сыналы)
2. Белдемше қандай киім түріне жатады? (әмбебап)
3. Белдемше тігуге арналған құрал-жабдықтар? (тігін машинасы, үтік және үтік тақтайшасы, қайшы, сызғыш, бор немесе құрғақ сабын, жіптер)
4. Белдемшені аң терісінен беліне қыстырып қолданған кез қай ғасыр? (тас ғасыры)
5. Белдемшені тігуге алынатын өлшем бірліктер? (белдің жарты орамы, мықынның жарты орамы, арқаның белге дейінгі ұзындығы, бұйым ұзындығы)
6. Белдемшені тігуге қолданылатын матаның бір түрі? (драп)
Оқушыларға бейнематериал көрсету.
ІІІ.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>