ҚҰРАҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК. ҚҰРАҚ ТҮРЛЕРІ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

Жаңа сабақ
Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері.
Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер апаларымыз, әжелеріміз тігетін құрақ құраудың өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады. Құрақ құрау өнері ХV-XVI ғасырда дамыған.
Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
Матаның қиындыларын іске ұқсату (кәдеге жарату)
Үлкен сәнділікке баулу, матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып, қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.
Құрақтың атаулары әр түрлі:
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ
Орыс тілінде құрақ құрау өнері – лоскутное шитье немесе мозаика
Жапон тілінде құрақ құрау өнері – сашико
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері – пэчворк және квилт деп атайды.
Құрақ,оның түрлері туралы мағлұмат:
Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар,пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше,мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әже

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: