Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Сурет салу"
Тақырыбы: "Әр түрлі ленталар" /Сюжетті сурет салу/
Мақсаты: Үш түрлі бояумен жұмыс жасауға үйрету. Әрбір бояудан соң қылқаламды жуып пайдалануға жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, үйрету, мадақтау.
Қажетті құралдар: Әр түрлі ленталар, ақ қағаз, қылқалам, үлгі суреттер.
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық
- Балалар, шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жақсы жылы лебіздерімізді айтайық. Ол үшін мына түрлі-түсті ленталардан бәріміз бір-бірден ұстап, шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді
Қайырлы күн, қайырлы күн,
Күліп шықты бүгін күн!
Шаттық шеңберіне тұрып түрлі-түсті ленталардан ұстайды.
Барлығы бірге айтады.
Ұымдастыру-іздестіру
- Жарайсыңдар, балалар. Енді қолымыздағы ленталарға назар аударайық. Ленталардың түстері қандай?
- Сенің қолыңдағы лентаның түсі қандай?
- Дұрыс айтасыңдар. Енді орнымызға отырайық.
Балалар, қараңдаршы мына суреттен сендер нені көріп тұрсыңдар?
- Иә, дұрыс. Ленталардың түстері қандай?
Енді осы ленталардың суретін мына қағазға қалай салу керектігін көрсетейін. Ол үшін сендер менің қолыма мұқият қарап отырыңдар. Содан соң өздерің саласыңдар. (Балаларға суреттің салу технологиясын көрсету) .
Мен алдымен қызыл түсті бояуды аламын. Қылқаламды ұстап, жоғарыдан төмен қарай ұзын етіп сызып шығамын. Бояу анық болу үшін тағы да үстінен қызыл түспен жоғарыдан төмен қарай жүргізіп шығамын. Міне, біздің ұзын қызыл лентамыз салынды.
Бояудан соң қылқаламды жуып, келесі түсімізге жасыл бояуға батырамын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>