үш түрі бар деп жұр, бірақ олардың қосықша ғана маңызы бар. Оның біріншісі -- қарсылық көрсету. Баланың мінез-құлқындағы бірқатар көріністердің бәрі қарсыласу сипатында болады. Оның мінез-құлқы өзгелерге қарсыласу ерекшеліктермен көрініс беріп, өз маңыңдағылармен ұрысьш, таласып, үнемі ренжісу жағдайында болып көрінеді. Баланың ата-анасымен қақтығысы әдетке айналды. Осыған орай баланың өзі елеусіз қалады. Мысалы, бұрын тату болған семьяда бала өз анасына "сен ақымақсың" дейді. Бюлер осы тақырыпқа сәйкес семьяның ренішің суреттеп жазды.
Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды ұстағысы келмейді, онын сөздерінде балағаттау мен кемсіту сөздері пайда болады. Мұңдай сөздер орынсыз айтылады. Бұлардан басқа тағы да екі жақты ерекшелік болатынын атап айту керек. Үйдегі. жалғыз бала болғандықтан оның талап-тілектерінің бәрі орындалып, ол нағыз өзінің өктемдігін жүргізуге тырысып бағады. Бұл көрініс әр түрлі семьяда түрліше болып келетіні байқалады. Жалғыз ғана баласы бар семьада өктемдік етуге ұмтылушьшық кездеседі. Оңдай бала маңындағы адамдарға айтқанын істеп, айдауына жүргізгісі келеді. Ондай баланың шешесі үйден шықпауға тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде болуға тиіс. Ол талап еткенңің бәрін оған алып беру керек. Ол ұсынған тағамды жемейді, өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға билік жүргізу үшін неше алуан тәсілдерді табады. Ол барлық талаптары орындалған жағдайда өзгелердің, бәріне әмірші болғысы келеді. Ал кейбір семьяда мұндай сипат қызғаншақтық деп те аталады. Өзінен жасы кіші не үлкен баланы қызғанатын болады.
Міне үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез нышандары осындай. Бұл ерекшелікгердің бәрі бала тәрбиесіне байланысты пайда больш отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық зерттеушілердің назарына ілі
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>