түседі. Сондықтан оларды құстар жеп құртады. Ал түтінмен ысталған қайыңдағы көбелектер көзге көп түспейді, яғни табиғи сұрыпталу оларды сақтап қалады. Сұрыптаудың мұндай түрін қозғаушы сұрыптау дейді. Сонда мұндай сұрыпталуды жүзеге асыратын фактор -- көбелектерді жейтін құстар. Егер сұрыпталу өте жылдам қарқынмен жүрсе, тез арада күңгірт түсті популяция пайда болады. Мысалы, Манчестер қаласының маңындағы қайың көбелегінің күңгірт түсті түрлері ақшыл көбелектерді 20 жылдың ішінде ығыстырып шығарған. Қозғаушы сүрыптау эволюцияда басты рөл аткарады. Бүған жылқының эволюциясы барысында оның аяғының саусактылықтан так түяктылыкка дейінгі өзгерісі де дәлел бола алады.
Қозғаушы сүрыптаумен катар табиғатта тұрақтандырушы сұрыптау да кеңінен таралған. Біршама түракты орта жағдайларында тіршілік ететін түрлерде болатьщ өзгерістер жағымсыз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда аз озгерістерді тудыратынмутациялар сакталып, керісінше, көп өзгеріс тудыратын мутациялар жойылып отырады.
Тұрақтандырушы сұрыптауда, мысалы, жәндіктер арқылы тозаңданатын өсімдіктер гүлінің бір шағын бөлігі ғана өзгереді. Бұл сол жәндіктің мөлшеріне ғана шақ келеді, ал олай болмаған жағдайда тозаңдануға жағымсыз өсер етер еді. Мезозой дөуірінде пайда болған саусаққанатты балықтарға жататын латимерия осы күнге дейін өзгеріссіз тіршілік етіп келеді.
Сол сиякты Қазакстанда кең тараған акбөкен кайнозой дәуірінен бері карай орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне қарамастан сақталып келеді. Бұларды тұрақтандырушы сұрыптаудың нәтижесі деп білеміз.
Қозгаушы сұрыптау мен тұрақтандырушы сұрыптау бір-бірімен тығыз байланысты. Қозғаушы сұрыптау қоршаған ортаның ауыспалы жағдайында түрлердін өзгеруіне ыкпал етеді. Ал тұрақтандырушы сұрыптау біршама тұрақты орта жағдайларында тиімді өзгерістерді сақтап, тұра
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>