Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу
Тақырыбы: "Пирамида"
Мақсаты Балалардың қолының, саусағының қимыл-қозғалыстарын жетілдіру. Есіп жасау тәсілін меңгеруді бекіту және айналдырып әкеліп ұштарын біріктіріп дөңгелек пішінге келтіру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, үйрету, үлгіні талдау.
Қажетті құралдар: Пирамида ойыншық, ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар, үлгі, ылғал сүрткіш.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық бірге
Арайлап атқан күнге
Іздену - ұйымдастырушы
Пирамида ойыншығын көрсете отырып, пирамиданың бөлігіне бөліп, балаларға сұрақтар қою.
- Пирамиданың бір бөлігі қандай пішінге ұқсас?
- Ойыншықта қандай түстер бар?
- Бұл ойыншық неден жасалған деп ойлайсындар?
- Пирамида неге ұқсайды?
- Бір бөлігі дөңгелек пішінге ұқсайды. Түрлі түстері бар. Бұл ойыншық пластмассадан жасалған. Пирамида мұнараға ұқсайды. Ол бірнеше бөлек дөңгелектерден тұрады. Оны мүсіндеу үшін үлкен және кіші дөңгелектерді мүсіндеп аламыз. Ермексазды бөліп алып, алақанға немесе тақтайшаға ысқылап созып аламыз да екі ұшын бір бірімен қосамыз. Әуелі үлкен, содан кейін кіші дөңгелектерді бірінің үстіне бірін қоямыз.
Сергіту сәті.
Тасқа бедер саламын
Егеп, қырнап, жонамын
Шеберлігі шыңдалған
Мен мүсінші боламын.
Жекелеген балаларға нұсқау беріп, көмектесу. Көме ұйымдастыру. Балалардың жұмыстарын талдау. Жұмыстарының ішінен ең сәтті шыққан ж
Страницы: 1 | 2 > >>