Пейзаж

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ot;Жаңбыр алдында", К. Юонның "Қыс соңы", С. Герасимовтың "Жаз өтті", К. Коровиннің "Көктем", И. Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл", т. б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.
Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т. б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ә. Ысмайыловтың "Хантәңірі", Ж. Шарденовтың "Қыс", т. б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Табиғат көрінісі бейнеленген суретші шығармаларын көрсету.
Ә. Қастеев "Менің Отаным" 1959 ж.
Ә. Қастеев "Биік таудағы мұз айдыны" 1955 ж.
Пейзаж - табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж түрлері:
Ауыл пейзажы
Саябақ пейзажы
Қала пейзажы
Теңіз пейзажы
Сәулет пейзажы
Индустриялық пейзаж
Ауыл пейзажы (Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы" картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.
Саябақ пейзажында (В. Батуриннің "Ясная Полянадағы гүлдер" картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған, бірде табиғи пішіндер сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.
Қала пейзажында (О. Нұржұмаевтың "Түнгі субұрқақ" картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Теңіз пейзаж

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: